Директордың блогы

Мен, Аштаева Алмагүл 25 қазан 1973 жылы бұрынғы Семей облысы Аксуат ауданы Ақсуат ауылында туғанмын. 1992 жылы Ақсуат орыс орта мектебін «үздік медельмен» аяқтаған соң , Семей қаласы Семей мемлекеттік медицина институтына оқуға түстім. 1999 жылы « балалар дәрігері» мамандығы бойынша аяқтадым. 1999-2000ж. аралығында жылы Семей қаласы облыстық ауруханадан « балалар дәрігер» мамандығы бойынша интернатурадан өттім. 2000 жылы Тарбағатай орталық аудандық ауруханасына қарасты «Жаншипа» дәрігерлік емханасына меңгеруші және жалпы бағыттағы дәрігер болып интернатураны аяқтаған соң жұмысқа орналастым. 2013 жылы Алматы қаласы дәрігерлердің білімін жетілдіру институтында «Эндокринология» мамандығы бойынша дипломнан кейінгі қайта даярлау курсын аяқтаған соң,2014 жылы Тарбағатай орталық аудандық ауруханасына эндокринолог дәрігер болып ауыстым. Қосымша дәрігер эксперт міндетін атқардым. 2015 жылы бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары және дәрігер эксперт міндетін атқардым. 2016 жылы Тарбағатай орталық аудандық ауруханасы кеңестік диагностикалық емхана меңгерушісі болып тағайындалып , бүгінгі күнге дейін ВКК төрайымы жұмысын атқардым. 2016 жылдан бүгінгі күнге дейін бас дәрігердің ұйымдастыру методикалық жұмысы жөніндегі орынбасары және қосымша дәрігер эндокринолог жұмысын атқарып отырмын. 2011 жылы табиғи апаттан болған су тасқыны кезінде халыққа медициналық қызмет көрсетуде ерен еңбегі үшін «Ақсақалдар алқасы» ұйымының ұсынысымен ,2014 жылы Қазақстан Республикасының «Шапағат» төсбелгісімен марапатталдым. Жанұялы , 3- бала тәрбиелеп отырмын. Өмірбаян иесі: А.Аштаева

Сіздің сұрағыңызды директорға қойыңыз

Сұрақтар