Салауатты өмір салтын қалыптастыру

Салауатты өмір салты – ауруларды алдын алу және денсаулықты нығайту мақсатында жеке адамның өмір салты. Салауатты өмір салты біздің мақсаттарымыз бен міндеттерімізді орындауға, жоспарларымызды сәтті жүзеге асыруға, қиындықтарды жеңуге, қажет болса, үлкен жүктемелермен күресуге көмектеседі. Адамның өзі қолдайтын және нығайтатын мықты денсаулық оған ұзақ және қуанышты өмір сүруге мүмкіндік береді. 

 

Денсаулық – бұл әр адамның және жалпы қоғамның баға жетпес байлығы. Біз жақын адамдарымызбен кездесіп, қоштасқан кезінде оларға әрқашан зор денсаулық тілейміз, себебі бұл толыққанды және бақытты өмірдің басты шарты.